Жарнама
Құқық

ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

 

Қызметкерлерінің материалдық- техникалық базалары дайындалмаған, ірі жұмыс айналымы бола тұра салықтық міндеттемелерді орындамайтын, «қолма-қол» операцияларды жүзеге асыруда көзсіз тәуекелге баратын заңды тұлғаларға қатысты арнайы критерийлер қарастырылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 215 — бабында бизнеспен шұғылдану мақсатынан тыс жеке кәсіпкерлік субъектісін құрған тұлғаларды «жалған кәсіпкерлік» үшін жауапкершілікке тарту көзделген. Аталған бап бойынша қылмыс жасағандарға 2000 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе түзету жұмысына тарту, екі жыл мерзімге дейін бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Атырау облысы бойынша мұндай қылмыстар саны 10 есеге артып отыр. Айталық, өткен жылы жалған кәсіпкерлікке қатысты үш қылмыс орын алса,  биыл бұл көрсеткіштің саны отызға өскен.

«Тек қылмыстық-құқықтық шараны қолдану арқылы жағдайды түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Осыған орай, бұл бағыттағы қылмыстың алдын алу үшін екінші деңгейдегі банктерден ақша қаражатын қолға беру мөлшеріне шектеу қойылуы қажет. Осындай жолдармен жалған кәсіпкерліктің жолын кесеміз», дейді Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «көлеңкелі» экономиканың алдын алу басқармасының  басшысы Асхат Қасымов.

Бүгінде  кез келген тауар мен қызмет үшін қолма-қол қаржысыз-ақ есептесу мүмкіншілігі зор. Осындай жүйені қолданысқа енгізу бюджет қаражатын тонау мен пара беруді тыйып, салықтық қылмыстардың азаюына айтарлықтай септігін тигізеді. Сонымен қатар, отандық банктік жүйенің дамуына оң ықпал етеді.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button