Нұрлан Ноғаев жергілікті полицияға 50-ге жуық көліктің кілтін табыс етті

JAVX9O J2ro Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етіп отырған полицейлерді 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

JAVX9O_J2ro

Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысып, қонақ болды.

“ Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алып отыр. 25 жыл ішінде Қазақстанға, өңірге ғана емес, бүкіл әлемге ықпал ететін шешімдер қабылданды. Полиция қызметкерлері де тәуелсіздіктің жемісін, жеңісін қорғап, Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын абыройлы атқарып келе жатыр”, – деді Нұрлан Ноғаев.

5DcnQraBBCo

Шара кезінде қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды.

Жұбайдолла Дауешовке полиция полковнигі арнайы атағы, Андрей Карабасовқа мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнаулы атағы, сондай-ақ Ринат Икласов пен Рауан Қасымжановқа мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шендері берілді.

wMufH88VvkI

Жиыннан соң Атырау облысы ішкі істер департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің жаңа ғимаратын салтанатты ашу рәсімі өтті. Мұнда Арнайы даярлық басқармасы да көшірілген.

Жаңа ғимаратты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі аралап шығып танысты. Мұнда полиция қызметкерлерінің оқу жаттығуы үшін де бар жағдай жасалған. Ғимараттың алдындағы жағалауда су полициясының суда жүзу құрылғылары мен көліктерінің тұрағы ұйымдастырылған.

Шара аясында жергілікті полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз