Жарнама
Құқық

Жайық жағалауында көлікпен жүрген атыраулық анықталды

Жайық жағалауындағы жаяу жүргіншілер жолымен мас күйде көлік басқарған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

7 сәуір күні сағат 20:35 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының 102 желісіне Тұрғындар қалашығындағы Жайық жағалауында орналасқан жаяу жүргіншілер жолында Грузия республикасында тіркелген «БМВ» көлігінің жүргізушісі мас күйде жүргені жөнінде хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен көлік тоқтатылып, 1986 жылы туылған жүргізуші облыстық наркологиялық диспансерге жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 1-бөлімі бойынша (көлік құралын жолдың жүріс бөлігінен тыс жерлерде жүргізу (тротуар,жол жиегі,жаяу жүргіншілер жолы т.с.с)) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөліміне (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның масаю күйінде көлік құралын басқаруы) сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button