Жарнама
Құқық

Заңнан «қаша» алмаған ата-ана…

Атырау қаласында тоғыз ата-ана өз баласын асырау жөніндегі қасиетті парызын көптен бері орындамай келгені белгілі болды. Қарыздың жиынтық көлемі 46 миллион теңгеден асып түсті. Бұл дегеніңіз, әрбір теңгесінде баланың несібесі, болашағы мен тағдыры жатқан қаржы емес пе?


Прокуратураның мәліметінше, барлық дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары тіркелген. Екі борышкер 12,9 миллион теңгені төлемегені үшін сот үкімімен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қалған істерде тергеу жалғасып жатыр.
Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Какиев ата-ананың перзент алдындағы борышы заңмен де, адамдықпен бекітілгенін айтты.
– «Бала – адамның бауыр еті» дейді халық. Оны асырап бағу, тәрбиелеу тек міндет емес, жүректің ісі. Әрбір баланың алаңсыз өмір сүруі үшін қажетті қаражатты қамтамасыз ету ата-ананың ең қасиетті міндеті. Бұл талапты орындамағандар әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады, — деді ол.
Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды басты назарда ұстап отыр. Себебі «Баланы жастан» деп, елдің ертеңін бүгіннен ойлау әр ересек адамның борышы емес пе?!

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button