Жарнама
Құқық

Заңгерлер жастарға кеңес берді

Бүгінде заңсыз жолмен өзгелердің қаражаты мен мүлкін ұрлау деректері көбейді. Алаяқтықтың бұл түрі интернет қызметтерін немесе оған қосылған түрлі бағдарламаларды пайдалану арқылы да жүзеге асырылады. Мұндай жымысқы әрекеттерден қаржылық шығынға батып отырғандардың саны аз емес. Ал мәселенің алдын алудың бір жолы жеке деректердің қауіпсіздігін бақылаған жөн. Бұл туралы Ғ.Сланов атындағы кітапханада заң өкілдерімен өткен кездесуде жан-жақты айтылды.

Іс-шараға облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Расул Жолдас, аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Дидар Айтмұханова және аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Жадыра Жағыпар қатысып, қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Кездесуге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиында жастарды толғандырған сұрақтар көтеріліп, мамандар құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану жолдары және заңнамадағы тиісті жазалар туралы кеңінен әңгімеледі.

Спикерлер бүгінде жиі кездесетін қылмыстардың бірі – интернет алаяқтықтың түрлері мен олардан қорғану тәсілдеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткінің зияны және оның заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қылмыстық әрекеттерден сақтандыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар бұл шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button