
Заң мен тәртіп «Quiz»-ге арқау болды
Облыстық ішкі саясат басқармасының Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы, облыстық білім беру басқармасы және полиция департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен қала мектептерінде 9-10 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Қазақстан Республикасының құқық және заңнамасы тақырыбындағы «Quiz» ойыны өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастардың заң тұрғысынан сауаттылығын арттыру, тәртіпке баулу және жалпы білім деңгейін көтеру.
-Ойынға қала мектептерінен 120 оқушы қатысып, 20 команда өзара бақ сынасты. Әр команда заң мен тәртіп саласындағы маңызды білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Мұндай іс-шараның ұйымдастырылуы заң тақырыбында білім беруді жастар арасында танымал етуге бағытталған және ол осы салада жас ұрпақтың білімі мен түсінігін арттыруға мүмкіндік береді, — дейді Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы болып Мәнсия Сағидоллаева.
Айта кетейік, жастардың құқықтық сауаттылығы мен тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасын таба бермек.
Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ