Жарнама
Құқық

Ұялы телефон арқылы балағаттағаны үшін айыппұл салынды

Ұялы телефон арқылы балағаттаны үшін атыраулық азаматшаға айыппұл салынды.

 Sohranenie-dannyh-telefona-v-Belgorode-httpremont-komputerov-belgorod.ru_

— Наурыз айында атыраулық азаматша ұялы телефон арқылы танысын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, тыныштығын бұзған. Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта жәбірленушіден кешірім сұрағанын, өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтқан, — деп хабарлайды Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен азаматша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, салынған әкімшілік айыппұл көлемі 30 пайызға қысқартылып, оған 8 418 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button