«Туысыңыз» қарыз сұраса сенбеңіз!

2024 03 12 zhi suret Құқық

Соңғы уақытта кибербуллинг күшейіп барады. «Дипфейк» деп аталатын алаяқтықтың бұл түрі адамның дауысынан бастап жүзіне дейін айнытпай салып береді. Сондықтан онлайн қарыз сұраған туысқаныңыздан сақ болыңыз! Оның технологиясы өмірде жоқ адамды тірілтуге, дауысын келтіруге, фотосуретті жандандыруға қауқарлы. Оның көмегімен банктегі шоттан қолма-қол ақша алу немесе несие рәсімдеуге болады. Керек десеңіз жаңа адамның түр-сипатын ойлап тауып, банктен қомақты сомада несие алуы да таңсық емес. Сондықтан танысыңызға жақсылық жасаймын деп сан соғып қалмаған жөн.

– Бірінші кезекте, адамның жасанды мимикасына және көзін біртүрлі жыпылықтатуына не керісінше оның мүлдем жоқтығына, қисынсыз сөйлемдер құрастыруына, аздап тұтығуына немесе робот іспеттес сөйлеуіне назар аударыңыз! Сізге жасанды болып көрінгеннің барлығына күдікпен қарау қажет. Алаяқтар ғана үнемі «ақша» сөзін естіп алып, сізден «аванс» немесе қосымша қызметтер үшін төлем түрінде ақша алмақшы болады, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Салал мамандарының айтуынша, мұндай жағдаймен бетпе-бет келгенде сізбен шынайы адамның байланысқа шыққанын ажырату үшін оған бірнеше сұрақ қою керек. Оның мимикасына, көзі мен қасына назар аударыңыз! Мүмкіндік болса оның көлеңкесіне мән беру арқылы анықтауға болады. Алаяқтықтың бұл жаңа түрін барлық танысыңызға айта жүрген дұрыс. Сіз білетін адам өзіңізге келіп қарыз сұрамаса мүлдем сенбеген жөн.
Полиция қызметкерлері өңірде бұл қылмыс түрі әзірге тіркелмесе де қашан да сақтық танытудың маңызды екенін айтады.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз