Адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі

whatsapp image 2021 06 18 at 21.31.13 Құқық

Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу бағытына арналған мәжілісте айтылды, деп хабарлайды atr.kz

Облыстық прокуратураның Қылмыстық қудалау басқармасы прокурорларының айтуынша, бұл – көптеген дамыған елдердің құқық қорғау саласындағы қолданыстағы жүйе. Жүйеге полиция, прокуратура және сот органдары құрушы болып табылып, құрам қылмыстық процеске толықтай жауап береді.

Қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Жанас Үмбетовтың айтуынша, үш буындымодельге көшу сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәсілдері мен прокурорлардың да, тергеушілердің де ұйымдастырушылық тұрғыдан дағдыларын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен ауысуды бастап кеткен.

-Аталған жоба аясында облыстың қылмыстық қудалау органдары белсенділік танытып, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қылмыстық істерді электронды нысанда тергеп-тексеру қолға алынды және бұл көрсеткіштен Республика көлемінде көшбасшы орындарға ие,-дейді Қылмыстық қудалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтаров Ерлан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз