Жарнама
Құқық

Түнде жүгенсіз жүрген 150-ге жуық жасөспірім анықталды

Атырау облысы аумағында 29 сәуір-5 мамыр аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық іс-шарасы қолға алынды. Бұл жұмыстардың аясында түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген 150-ге жуық жасөспірім анықталды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүрген жасөспірімдерді анықтап, ата-аналарымен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, іс-шара басталғалы 170-ке жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тиісті заңдылық бойынша 142 хаттама толтырылды. Сала мамандары балалардың қараусыз жүрмеуін, бұған ата-аналардың баса мән беруін қатаң ескертеді.

–Балалардың жазғы демалысқа шығуына санаулы күндер қалды. Тәжірибе көрсеткендей, жасөспірімдердің оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтарға тап болу себебі олардың көбіне бос уақыттарын тиімді пайдаланбауынан туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің түнгі уақытта көше кезуі мен қоғамдық орында қараусыз жүруі қауіпті екенін ұмытпау керек. Балаңыздың бүгінгі қауіпсіздігі – ертеңгі алаңсыз болашағы, — дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Айнұр Махметова.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button