
Судағы қауіпсіздікті сақтау – басты міндет
Жаз мезгілінде су айдындарында болатын жазатайым оқиғалар – жыл сайын қайталанып отыратын өзекті мәселе. Сондықтан қауіпсіздікті алдын алудағы қолға шаралар тек шомылу мәдениетін қалыптастырумен шектелмей, қоғамда осы проблеманы жоюға бағытталуы керек.
Бұл үшін қауіпсіздік дағдылары бала бойына мектеп жасынан бастап сіңірілуі тиіс. Бұл үшін оқушыларға арналған интерактивті ойындар мен квесттер – балалардың есінде жақсы сақталатын, әрі қызықты формада ұйымдастырылған тиімді тәсіл. Ата-аналар мен лагерь тәрбиешілеріне, волонтерлерге арналған курстар да маңызды рөл атқарады. Себебі төтенше жағдайлардың алдын алу тек құтқарушылардың ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі болуы тиіс.
Су жағалауларындағы белгілердің көзге көрінетін, түсінікті және әртүрлі ауа райына төзімді болуы – оқиғалардың алдын алуда шешуші фактор. Шымкентте сынақтан өткізілген жаңа үлгідегі ескерту белгілері қолайлы әрі үнемді шешім бола алады. Мұндай жаңашыл тәсілдер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып кеңінен енгізілуі қажет.
Сондай-ақ төтеншеліктер мен жергілікті атқарушы органдар, медицина қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуі – кешенді профилактиканың басты кепілі. Мұндай үйлесімді жұмыс халықтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.
Мейрамгүл ЕСНИЯЗОВА,
«Жаныңдамын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты