ҚҰЖАТ 15 КҮНДЕ ЖАСАЛАДЫ

Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік 15 күннің ішінде беріледі.

 

Бүгінде Ішкі істер министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне қысқарту бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті беру» пилоттық жобасын өткізу туралы шешім қабылдап отыр. Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, асығыстықтың бірінші деңгейіне жататындардан өзге, екінші және үшінші дәрежедегілер үшін құжатты әзірлеу мерзімі қысқартылады.

– Енді өтініш рәсімделген күннен бастап асығыстықтың бірінші дәрежесі бойынша тапсырғандарға дайын құжатты ұсыну мерзімі төрт жұмыс күні болады, – деп түсіндірді ведомство.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз