Көлігіне жасанды мемлекеттік белгі орнатқан

2020012104095687 640x360 1 Құқық

Атырауда көлігіне жасанды мемлекеттік белгі орнатқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі жетекшісі Мейірім Ердәулеттің сөзінше, 9 наурыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы бойында мемлекеттік белгілері күдік тудырған, маркасы Лада-21214 автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің артқы мемлекеттік белгісі қолдан жасалған, яғни жасанды мемлекеттік белгі екендігі анықталды.

Нәтижесінде көлік құралы арнаулы тұраққа жеткізіліп, аталған көлік құралының жүргізушісі 36 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 4-бөліміне сәйкес әкімшілік іс-құжат жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз