Жарнама
Құқық

Шошқа еті “халал” сертификатымен сатылған

Шошқа еті қосылған шұжықтар “Халал” сертификатымен сатылған.

Еліміздегі дүкен сөрелерінде сатылатын сиыр консервілері мен Ресей федерациясынан әкелінетін «Мусульманская» жартылай сүрленген шұжығынан шошқа етінің ДНҚ-сы табылды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (КСЭК) баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің мамандары өткен айда халық тұтынатын тауарлар сапасын тексеру үшін 38 ет сынамасын сатып алған. Зерттеу барысында кей тауарлардың заттаңбада көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмейтіні анықталды:

— «Мусульманская» жартылай ысталған шұжық (дайындаушы: Павлов А.С., Ресей, Башқұртстан Республикасы);
— «Говядина тушеная высший сорт» стерильденген кесек ет консервісі (дайындаушы: «Курганский мясокомбинат» ЖШҚ «Стандарт» Ресей, Курган қ.);
— «Говядина тушеная высший сорт» стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: «Орелпродукт» АҚ, Ресей, Орловская о.)

Көрсетілген заңбұзушылықтарға байланысты аталған өнімдер талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер тізіміне енгізілді. Ұлттық сараптама орталығының мамандары өндірушілердің тамақ өнімдерін бірнеше рет дұрыс таңбаламайтынын, оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button