ШАҒЫМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

screenshot 20220120 164703 com.google.android.apps .docs Жаңалықтар

Әкімшілік іс жүргізу бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері бар.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің» (ӘІБТ) көпшілік секторы арқылы әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыс функционалы іске асырылды.

    Бұл функционал процеске қатысушыларға ыңғайлы болу үшін және уақытты үнемдеу үшін құрылған. Оның көмегімен әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды (өтініш) тікелей оны қараған органға бере аласыз және уақытылы жауап ала аласыз.

    Өтініштер Qamqor.gov.kz Ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылыққа шағым жасау» бөлігінде беріледі. Өтінішті тек, әкімшілік процестің қатысушысы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) авторизациялай отырып, бере алады. Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне түседі. Функционал мәселенің мәнін баяндауға және іс бойынша растайтын құжаттарды тіркеуге мүмкіндік береді. Қарау нәтижелері өтініш берушінің e-mail мекен-жайына, сонымен қатар, оның ұялы телефон нөміріне электрондық хатпен жіберілетін болады.     Пайдаланушының авторизация және шағым беру бойынша қадамдық нұсқаулығы Qamqor.gov.kz Ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылыққа шағым жасау» бөлігінде орналастырылған.

    Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізу шеңберінде мәліметтер алу бойынша Qamqor.gov.kz қызметінде кейбір пайдаланушы қызметінің функциялары жақсарды.

    2022 жылдың қаңтарынан бастап қатысушылар әкімшілік іс жүргізуді қарау немесе шағымдану кезінде іс материалдарымен, сонымен қатар, фото бейне тіркеу құралдарымен тіркелген бұзушылықтар бойынша нұсқамалармен және іске тіркелген файлдарды жүктеп алу мүмкіндігімен таныса алады.

                                                                                Қазақстан Республикасы 

Бас прокуратурасының 

Құқықтық     статистика және 

арнайыесепке алу жөніндегі 

комитетінің Атырау 

облысы бойынша басқармасы 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз