Жарнама
Құқық

Руслан Берденовті атып кетті: жағдайы қалай?

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, — деп хабарлайды ulysmedia.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған Жиенбай Ернар Жиенбайұлы, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

Куәгерлердің айтуынша, Ернар Жиенбайұлы Сайга-12 маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атқан. Оқ Руслан Берденовтың төменгі аяқ-қол тұсына тиген.

ЖАРАҚАТ АЛҒАН ШЕНЕУНІК АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Руслан Арысбекұлы Берденов оқ тиген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы – оң жамбас және иық тұсынан алған оқ жарақаты.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тергеу амалдары басталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button