Қоқыс төккен жүргізуші заңсыз әрекеті үшін айыппұл төледі

о ыс т ккен Жаңалықтар

Ауқымды түсінік-насихат жұмыстары жүргізілгенімен, қоқысты, соның ішінде, құрылыс қалдықтарын, автокөлік сынықтарын, малдың терілерін көшеге төгу оқиғалары азаймай отыр. Сондай бір көрініс жуырда Жұмыскер-2 мөлтекауданында орын алды. Қоршаған ортаның тазалығына жаны ауырмайтын тұрғындарды қорымдардағы тазалық мәселесі де алаңдатпайтын секілді.

__о__ыс т__ккен

Сол маңда орналасқан «Мұқаш» қорымы маңындағы карьерге Е 331 BV нөмірлі  «КамАЗ» автокөлігі тұрмыстық қалдықтарды төгіп, нағыз қоқыс алаңына айналдырып алған.

Қала тазалығымен айналысатын «Арнаулы автобаза» мекемесі қызметкерлерінің еңбектерін зая кетіріп, олардың «көзін баққан» тұрғындар күл-қоқыспен, басқа да тұрмыстық қалдықтармен қаламызды ластауды әдетке айналдырып алған.

Солардың бірі – Әзірбай Жоқаев есімді азамат «КамАЗ» қорабы толы тұрмыстық қалдықтарды төгіп жатқан жерінен ұсталды. Жүргізуші бұл әрекетін түсіндіруден бас тартты. Тіпті, қоқан-лоқы көрсетті.

– Тұрғындарға түсіндіруден жалықпаймыз. Қала – біздің ортақ үйіміз. Бұған дейін де осындай заң бұзушылықтарға барған азаматтарға айыппұл салынды. Өйткені, бұл әрекет заңға қайшы. Бірақ, әлі тыйылмай келеді. Бұл жөнінде тұрғындарға түсіндірілгенімен, заң бұзушылық жалғасып келеді.

Аталған азаматқа ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 330-бабына сәйкес хаттама толтырылып, 68 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Егер екінші рет қайталанса, бұл жаза одан әрі күшейтілмек. Мұндай бақылау жұмыстары қала аумағында алдағы уақытта да үнемі жүргі-зілетін болады, – дейді Атырау қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Биғамбаев.

__о__ыс т__ккен ж__рг¦зуш¦

Сол маңдағы тұрғындар жел болған күндері жағымсыз иіске төзу мүмкін болмайтындығын айтады. Қоқыс заттары ұшып, үйлердің ауласына да үйіліп қалады.

– Қаланың ішіндегі тазалық біркелкі. Ал, қаланың маңы қоқыс алаңына айналды десек, артық айтқандық емес. Қорымдардың айналасының бәрі сондай күйде. Ал, Мұқаш бейітінің маңына күн сайын көп көлемде қоқыс төгіледі. Біз қазір көлеңкемен күресіп жатқандаймыз.  «Арнаулы автобаза» мекемесі, негізінен, тұрғындардың қоқыс қалдықтарынан қалаішілік тазалықты сақтау жұмыстарымен айналысады. Ал, шаһардың сыртын тазалау жұмыстары бұл кәсіпорынның негізгі қызметіне кірмейді. Бірақ, осы жұмыстарды жүргізу үшін көп күш-қуат, қаражат жұмсап отырмыз, – деді жақында қала әкімі Серік Шәпкенов.

«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Самат Тұрниязов бір аптада  елу «КамАЗ» қоқысты шығарғанын айтады.

– Қоқыс полигонында жағдай жасалды. Сол жерде арнайы кассалық аппараты бар кассирлерді жұмысқа қабылдадық. Қоқысты шығару үшін үлкен көліктер 10 000-12000 теңгеден жалданса, біз арнайы көлік пен жұмысшыларды қосқанда 6600 теңгеге қызмет көрсетеміз, – дейді серіктестік басшысы.

Тазалық, ең алдымен, халық үшін керек. Сондықтан, әрбір тұрғын тазалықты сақтаудың қажеттігін сезінгені абзал. Өйткені, сана түзелмей, қала тазармайды. Қала тазалығына нұқсан келтірген адамға айыппұл салу жалғаса бермек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз