Жарнама
Құқық

Құқықтық тәртіптің жаңа кезеңі

Елімізде Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы – құқық қорғау жүйесінің сапалы жаңғыруының жарқын дәлелі. Бұл бастама тек кадр дайындаумен шектелмейді, ол бүкіл құқық қорғау құрылымының парадигмасын өзгертеді. Яғни, бұрынғы күштік үлгіден — сервистік, азаматқа бағдарланған, технологиямен қаруланған заманауи жүйеге көшу бастамасы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған “Заң және тәртіп” апталығы аясында ашылған бұл академия — жүйелі реформалардың заңды жалғасы. Премьер-министр Олжаc Бектенов айтқандай, жаңа буын басшыларын даярлау, оларды стратегиялық ойлауға және басқару шешімдерін дәлелді қабылдауға үйрету — уақыт талабы.

Бүгінгі күрделі сын-қатерлер – киберқылмыс, есірткі трафигі, тұрмыстық зорлық, көшедегі қауіпсіздік – бұлардың бәрі заманауи тәсіл мен технологияны қажет етеді. Академия базасында цифрлық зертхана, жасанды интеллектке негізделген талдау құралдары, “ақылды” құрылғылар, роботтандырылған жүйелердің қолданылуы – Қазақстан құқық қорғау саласының болашағына салынған инвестиция.

Бұл жоба — құқық қорғау органдарының қоғаммен байланысын жаңа деңгейге көтеретін бастама. Өйткені кәсіби басқарушылардың пайда болуы — құқықтың үстемдігін, азаматтардың қауіпсіздігін, ал ең бастысы, халықтың сенімін қамтамасыз етудің негізі.

Абдолла ИДРЕСОВ,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button