Атыраулық әйел 45 млн теңгеге алдап кеткен

izobrazhenie 2022 03 29 040023 Жаңалықтар

45 млн теңгеге үш үй алып беремін деп алматылықты алдап кеткен атыраулық әйел ұсталды.

18 наурыз күні 40 жастағы Алматы қаласының тұрғыны полицияға шағымданып, өзінің алданғандығы туралы айтқан. Айтуынша, оны 44 жастағы азаматша Атырау қаласынан элиталық үш бірдей үй алып беремін деп сендірген.

Нәтижесінде, 45 млн теңге ақшасын иемденіп алған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде алаяқтықпен айналысқан атыраулық 44 жастағы азаматшаны анықтады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз