Атырау облысында төрт айлық сәбиін 38 жерден пышақтап өлтірген анаға қатысты сот отырысы басталды

whatsapp image 2021 09 30 at 16.26.46 Құқық

Ол жылай берген баласына пышақ ала жүгіріп, тыныштандырмақ болған.Қылмыс биыл 28 сәуірде Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында болған.

Үйде жалғыз қалған 42 жастағы әйел жылай берген төрт айлық баласын тыныштандырмақ болып, 38 жерден пышақ сұғады. Кейін қылмысын мойындап, көршісінің үйіне барған.
Сотқа қатысқан жолдасының айтуынша, әйел босанғаннан кейін күрт өзгерген. Көзіне белгісіз адамдар көрініп, жиі үйден кетіп қалатынды шығарыпты. Ол енді әйелін кінәламаймын деп отыр.
— Қара нәрсе бар деп қорыққандықтан, бақсыларға көрсетіп, мал сойып, құран да оқыттық. Осыған дейін сәбиді тұншықтарған да кезі болды. Қылмыс болатын күні ауданға жеке шаруаларыммен кетіп қалған едім. Әйелім жалғыз сәбиін әдейі өлтірген жоқ, — дейді жұбайы.
Сотқа күдікті әйелдің өзі қатыспады. Ол қазір психиатриялық орталыққа жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы бір қалыпқа келген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз