Жарнама
Құқық

«Қорғау» жүйесі 6 айыппұлы бар шетелдік көлікті анықтады

Атырау қаласында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған шетелдік нөмірлі көлік ұсталды. 16 маусым күні Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала аумағында Mercedes-Benz маркалы шетелдік нөмірлі автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде, аталған көлік құралына қатысты «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы жалпы саны 6 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұл салынғаны белгілі болды.

Жол ережесін елемеген жүргізушіге қатысты іс-құжаттар жинақталып жатыр. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Атырау қаласы полиция басқармасы тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және салынған айыппұлдарды уақтылы төлеуді ескертеді.

«Қорғау-қауіпті жүргізуші» жүйесі арқылы ереже бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталып, заң талаптарына сай жауапкершілікке тартылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button