Шекара шебін бұзған шетелдіктер ұсталды

472679bc51fa5fed250581b661297d23 big Құқық

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Өзбекстан Республикасының екі
азаматы мемлекеттік шекараны қасақана бұзып өткен.

«Атырау қаласының полицейлері еліміздің мемлекеттік шекарасын қасақана бұзған Өзбекстанның екі азаматын анықтады. Оның бірі 2015 жылдан бері қылмыстық іс бойынша іздестірілуде болған. Қазір 27 жастағы азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал, 30 жастағы ер адам осыдан бір жыл бұрын ҚР аумағынан шығарылған. Соған қарамастан ол өзінің аты-жөнін өзгертіп, шекараны қасақана кесіп өткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз
қызметі.
Қазір Өзбекстанның екі азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көші-қон заңнамасының 1 381 мəрте бұзылғаны тіркелген.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз