АВАНГАРДТАҒЫ АТЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ (видео)

200320173111590e Жаңалықтар

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды…

15 наурыз күні сағат 22:10 шамасында Атырау қаласында орын алған атыс кезінде тапаншадан атылған оқтан 1995 ж.т., және 1999ж.т., 2 адам қаза тауып, 1995ж.т., 1 адам ауруханаға жеткізілген. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жасау барысында сол маңнан тағы да 1999 ж.т., ер адамның мүрдесін анықтады. Аталған қылмысқа күдікті 1993 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған оқиғаға азаматтардың арасында туындаған өзара келіспеушілік себеп болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз