Жарнама
Құқық

Қазақстандық полицейлер Өзбекстанда іздеуде жүрген Түркия азаматтарын ұстады

Олар Шымкент және Атырау әуежайларында ұсталды. Үшеуі Ташкенттегі қарақшылық шабуыл үшін іздеуде болған. Бұл жөнінде ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды zakon.kz.

Бетперде киген олар бөтен автокөлікті басып алмақ болған. Жәбірленушілер белсенді қарсылық көрсеткендіктен, көлікті айдап әкету сәтсіз аяқталып, шабуылдаушылар оқиға орнынан қашып кеткен.

Олардың екеуі Атырау облысына, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігіне жасырынған. Барлығы іздеуге жарияланып, ұсталды, қазір тергеу изоляторында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button