Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулық үш тұрғын айыппұл арқалады

Түнгі уақытта төбелес шығарған үш тұлға жауапкершілікке тартылды.

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 3 ақпан сағат 03:30 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Абай көшесі бойында орналасқан букмекерлік кеңселердің бірінің  алдында төбелес шығарған үш азаматты анықтады. Олардың біреуі 1991 жылы туған қала, екеуі 1989 және 1990 жылдары туған Мақат ауданының тұрғындары болып шықты. Медициналық сараптамадан  өткізу барысында соңғы екі азаматтың жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды.

Үш азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен («Ұсақ бұзақылық») әкімішілік хаттама толтырылып, сот шешімімен әрқайсысына 10 720 теңге айыппұл салынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button