Қауіпсіз қоғам құру – басты талап
Атырау қаласында «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлеріне қойылған әртүрлі сұраққа жауап берілді.
– Қоғамда кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына, мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән беру – басты талап. Біз жыл басынан бастап әр шағынауданда тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Заңдарға енгізілген өзгерістер туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша тұрғындарға кеңес беріп, құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты сұрақтарға жауап береміз. Бұл шаралар қоғамдағы тәртіпті сақтауға және халықтың заңға деген сенімін арттыруға бағытталған, — дейді Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызмет бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбол Ідірісов.
Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ