Өзбекстандық азамат Атырауда аса ірі көлемде есірткі ұстаған

190725025945664e Жаңалықтар

Atr.kz/25 шілде, 2019 жыл. Атырауда аса ірі көлемде экстрационды опий сақтағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды.

Шетелдік азамат есірткіні Атырау қаласында тұратын азаматтық некедегі әйелінің үйінде жасырған. Полицейлер есірткі аса ірі көлемде болғанын атап өтті.

«Есірткі тәркіленіп, Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз