Жарнама
Құқық

Қауіпсіз демалыс басты назарда!

Жаз басталысымен Құрманғазы ауданындағы лотос алқабына келушілер толастамайды. Қиғаш бойындағы табиғаттың таңғажайыбын тамашалау үшін күніне 200-ге жуық турист келеді екен. Демалушылардың жайлы жағдайы мен қауіпсіздігі басты назарда тұр.

-Әлемде сирек кездесетін лотос гүлдерін көру үшін Еуропа, Азия елдерінен және еліміздің әр түкпірінен демалушылар келеді. Туристерді лотос алқабына қайықпен тасымалдайды. Сондықтан мақсат судағы қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі патрульдеу және түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізеді,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button