Грузиядан көлік әкелемін деп 40 млн теңгеге алдап кетті

oldlodoldolldold Құқық

Жыл басынан бері Атырау облысында 300-ге жуық интернет алаяқтық тіркелген.

Атырау қалалық полиция басқармасы Тергеу бөлімі бастығының орынбасары Дастан Габдуллиннің айтуынша, соңғы кездері интернетте алаяқтардың қармағына ілінетін отандастарымыздың саны күн санап өсіп келеді. Біреуі қымбат тауарды арзан бағаға аламын деп алданса, енді бірі тауарға тапсырыс беріп, ең соңында дымсыз қалып жатады.

— Әртүрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Бірақ тұрғындар арзан нәрсеге қызығып, алданып жатыр. Дамыған заманда алаяқтар түрлі қулықтарға барып жатыр: хабарландыру сайттарын қолданады, түрлі сілтемелер жібереді. Тіпті жұмысқа кіргіземін деп алдайтын, пәтер жалға беретіндер де бар. Сол себепті тұрғындарды сақ болуға шақырамыз, — дейді Дастан Габдуллин.

Мәселен Атырау қалалық полиция басқармасы Грузия мемлекетінен арзан көлік әкелемін деп 8 адамды алдаған алаяқты ұстады. Ол тұрғындардың 40 млн теңге ақшасын алып, ешқандай да көлік әкелмеген. Қазір тергеу қапасында отыр.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының тұрғыны интернетте пәтерлерді жалға беремін деп, тұрғындарды алдаған. Ол әдемі пәтерлердің суретін тауып алады, хабарландыру береді. Тұрғындар оған қоңырау шалғанда, алаяқ алдын-ала ақы төлеуді сұрайды. Ол ұсталып, қылмысын мойындады.

Дереккөз: exk.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз