Жарнама
Құқық

Қару-жарақ саудасы: Ішкі істер министрлігінің бірқатар бұйрығы өзгерді

Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қарудың айналымына қатысты бірқатар бұйрыққа өзгеріс енгізді. Бұл түзетулер қару иелеріне, сатушылар мен жасап шығарушыларға қатысты талаптарды нақтылап, бақылау тетіктерін күшейтуді көздейді, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Жеңілдетілген талаптар

Енді конструкциясы қаруға ұқсас, бірақ үрлемелі қуаты 7,5 Дж аспайтын, 4,5 мм калибрлі пневматикалық қару мен дыбыс, жарық және түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қаруды 18 жасқа толған азаматтар арнайы рұқсатсыз сатып ала алады. Бұл ретте сатып алушыдан соттылығының болмауы және психикалық денсаулығы туралы анықтама талап етіледі.

Арнайы мәртебесі бар тұлғаларға да жеңілдіктер берілді. Атап айтқанда, қарулы күштер, құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік қызметкерлер (қызмет орнынан тиісті құжат ұсынған жағдайда) кейбір қару түрлерін қосымша анықтамасыз сатып ала алады.

Дүкен мен сатушыға қойылатын талаптар

Бұл бағыттағы талаптар нақтыланды. Қару сатушылар арнайы дайындықтан өтіп, сатып алушыға нұсқамалық жүргізуге міндеттеледі. Барлық сауда арнайы журналда тіркеліп, тиісті құжаттар 10 жылға дейін сақталуы тиіс. Электрондық форматта сақтау рұқсат етіледі.

Механикалық тозаңдатқыштар мен аэрозольді құралдардың сатылу тәртібі де қайта қаралды. Бұл бұйымдарды сату кезінде де сатушы нұсқамалық жүргізуге және сатып алушының жасы мен денсаулығына қатысты талаптардың орындалуын қадағалауға міндетті.

Осылайша, қарудың сатылуы, сақталуы, тасымалдануы, есепке алынуы және жойылуына қатысты қағидалар қайта жазылып, «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заң талаптарымен сәйкестендірілді. Мақсат — қарудың заңсыз айналымына жол бермей, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button