Нұр-Сұлтандағы жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды (+ВИДЕО)

15538643 Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан полициясы Шұбар шағын ауданындағы дәмханада газдың жарылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техникалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында болады» делінген хабарламада.

Оқиғаға кінәлілер анықталған кезде олар екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дәмханадағы жарылыс

21 қарашада елорданың сол жағалауындағы дәмханада газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай туралы ақпар «103» пультіне сағат 12:24-те түсті. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 24 бригадасы, шұғыл қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.

Апат орнына келген өрт сөндірушілер дәмхана ішінде бір адам және 15 газ баллоны барын анықтаған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлады.

Өрттен бір адам көз жұмды, отыздан астамы зардап шекті.

20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау 12:58-де сөндірілді.

«Спутник Қазақстан»

Сурет: ҚР ТЖМ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз