Жарнама
Құқық

Облыстың мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің отырысында талқыланды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, 30 мамырда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға Агенттіктің төрағасы Асхат Жұмағали, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, қоғам өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі квазимемлекеттік компаниялардың, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары қатысты.

Іс-шараның модераторы – Парламент Мәжілісінің депутаты, Қоғамдық кеңес Төрағасы Марат Башимов болды.

Өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын және «Бизнеске жол» жобасын іске асырудың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауының өзекті мәселелері қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағали құттықтау сөзінде Агенттіктің тиімді жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде азаматтардың сенім деңгейі болып табылатынын және бұған қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті. 

Облыс тұрғындары ауызсу мен ауаның сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту мәселелерін бірнеше рет көтерді. 

Жолдардың жағдайы қоғамды алаңдататын мәселелердің бірі болып қала береді. 

Мұндай жағдайдың мысалы ретінде елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқаратын«Атырау-Астрахань» автожолының алты жылға созылған жөндеуі болып табылады. 

Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшелері денсаулық сақтау және білім беру нысандарының жетіспеушілігіне, экологияның жай-күйіне, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне назар аударды.

Бұл мәселелердің барлығы, әдетте, сыбайлас жемқорлық факторларымен байланысты, бұл оларды жою үшін кешенді және жүйелі шараларды қабылдауды талап етеді.

Сондай-ақ, отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде квазимемлекеттік компаниялардың қызметіндегі жұмыстардың жеткіліксіздігі туралы айтылды. 

Антикор басшысы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы — құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында ерте әрекет ету құралы ретінде қолданылуы қажет екенін атап өтті. Бұл механизмнің тиімділігі билік, қоғам және бизнес өкілдерінің ашық әрі сындарлы өзара іс-қимылына тікелей байланысты.

Бұдан басқа, өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өтті, онда кәсіпкерлердің мемлекеттікоргандардың қажетті шешімдер қабылдауын кешіктіруге, жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларында түрлі рұқсаттар беруге байланысты мәселелері қаралды.

Іс-шаралардың қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға белгіленген мәселелерді шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button