«НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!»
Полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес айлығында балаларға арналған танымдық шара ұйымдастырды.
Қазақстан Полициясының 30 жыл толу мерекесі қарсаңында, ауызбіршілігімізді нығайтатын 30 қайырымды іс акциясы Атырау облысы Полиция департаменінің қызметкерлерімен өз жалғасын табуда. Акция аясында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 26-маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орайластырылған
айлық шеңберінде, Полиция Департаментінің
Кинология қызметі орталығымен, Атырау облыстық Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу
орталығының тәрбиеленушілеріне арналған танымдық іс-шара өткізді. Балалар төрт аяқты көмекшілердің қылмыс ашуға, жаттықтыруға және дағдыларды үйренуге қатысуы туралы білді. Кейін ашық алаңда сурет конкурсы ұйымдастырып, балалар «Нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен әртүрлі суреттер салды.
Сондай-ақ ПД Кадр жұмысы саясаты басқармасының қызметкерлері балаларға тренинг және түрлі қызықты ойындар өткізіп, балалардың қызығушылығын оята түсті. Шара соңында балаларға диплом және мерекелік сыйлықтар табысталды. «Динамо» Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және «Жасұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің басшысы мен еріктілері аталмыш шараға өз үлестерін қосып, «Квартал» жарнама агенттігі демеушілігімен балаларға тәтті тағамдар ұсынылды. Өз кезегінде балалар осындай ерекше естен кетпестей іс-шара ұйымдастырған полицейлерге алғыс айтып, естелік суретке түсті.