АТЫРАУДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ САҚТАЛҒАН ҚОЙМА ӨРТЕНДІ

e4277551 ede9 481c bcee deec61bfb5c0 Құқық

Өрт бүгін, яғни 13 қараша күні сағат 16:00-де болып, 17:16-да оқшауланып, 17:49-да сөндірілді, деп хабарлайды ATPress.kz.

«Бүгін сағат 16-00-де Мясокомбинатская көшесі, 69 мекенжайындағы «Дина» базары аумағының сыртында орналасқан азық-түлік өнімдерін сақтайтын бір қабатты жеке қойма ғимаратының бір бөлігі өртенді.  Жану ауданы шамамен 400 шаршы метрді құрады. Жалпы ауданы — 690 ш.м. Зардап шеккендер жоқ.
Тарату жұмыстарына Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі 30 қызметкері мен 8 бірлік техникасы, сондай-ақ «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз