Жарнама
Құқық

Мектептегі құқықтық кездесу

Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп-лицейінде облыстық полиция департаменті өкілдерімен құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.

ae9a67af 0662 4818 a8c4 74ef7e8b632a


Кездесуге облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция полковнигі Орынгүл Көшқалиева және мектептің құқықбұзушылықтардың алдын алу менеджері Бауыржан Шунгулов қатысты. Олар жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамда заңды құрметтеу және жеке қауіпсіздік мәселелері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында полиция полковнигі Орынгүл Көшқалиева жасөспірімдерге тәртіпті сақтап, заңды құрметтеуге шақырды.

–Жалпы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар саны артып отыр. Статистика бойынша, ішкі істер бөлімдеріне 7000-нан аса кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілген. Сонымен қатар, полицияның есебінде 189 кәмелетке толмаған және 211 қолайсыз отбасы тіркеуде тұр. Бұл деректер балалардың тәртіпсіздігі мен қоғамға зиян келтіру әрекеттерінің жиілеп кеткенін көрсетеді, — деген ювеналдық инспектор заңды бұзған жағдайда, оның салдары бүкіл қоғамға әсер ететініне назар аударды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Мысалы, қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша бұзақылықтың 16 дерегі тіркелген, оның ішінде топ болып төбелеске қатысқандар да бар. Төбелес кезінде пышақ пен шаншитын құралдар қолданылған екі қылмыс бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл фактілер жастардың тәртіпсіздігінің, агрессияның өсуін көрсетеді.
Сонымен қатар, түнде заңды өкілдерінсіз ойынханаларда, кафе мен кинотеатрларда жүрген жасөспірімдер үшін ата-аналарына айыппұл салынатындығы да ескертілді. Ювеналды инспектор балаларға жауапкершілік туралы айтты және әрбір жасөспірімнің өз әрекеттерінің салдарын сезінуі қажеттігін атап өтті.
Кездесуде XI сынып оқушылары Алмат Тағыберген мен Әсем Амангелдиева да өз ойларымен бөлісіп, тақырыптың өздері үшін маңыздылығын атап өтті. Олардың сөздері «Бүгінгі кездесу оқушылар үшін өте пайдалы болды. Заңның және құқықтың негіздері туралы көбірек білу әркімнің жеке жауапкершілігі болып табылады. Жасөспірімдер көбінесе өз құқықтарын білмейді, бірақ біздер сол құқықтармен қатар өз міндеттерімізді де ұмытпауымыз керек. Мұндай кездесулер біздер үшін жаңа ой-түсініктер береді» деген ортақ пікірге тоғысты.
Оқушылармен өткізілген құқықтық бағыттағы кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың заңды бұзудан аулақ болуына ықпал етуге бағытталған маңызды қадам болды.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button