Мектеп формасы баршаға ортақ
Мектеп формасының айналасындағы әңгіме кім-кімді де алаңдатып отырғаны рас. Дегенмен, бірыңғай форманың әлеуметтік теңсіздікті сақтауда ролі зор. Мектепте оқыған кезде біз де ақ жейде, қара түсті шалбар кигенбіз. Форма болған жерде тәртіп болады. Балалардың бір-бірімен психологиялық тұрғыда тең дәрежеде араласып, қарым-қатынасты да қалыпты орнатуына себеп екені сөзсіз. Іскерлікке баулып, жинақылыққа жетелейтіні тағы бар.
Бірыңғай мектеп формасы – заңды талап. Қолда бар ақпаратқа көз жүгіртсек, білім беру саласындағы заңнамада көзделген міндеттерді орындамаған ата-аналар жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Атырау облысында 2017-2018 оқу жылында 59 ата-анаға қатысты материалдар түскен екен. Соның ішінде, 19 ата-анаға іс қозғап 4 ескерту, 15 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. Ал, 2021 жылы 2 ата-анаға іс қозғалып «ескерту» түрінде шара қолданылған. Былтыр 1 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.
Мектеп – мемлекеттік мекеме. Сол себепті, зайырлылық талаптарына бағынып, сол мемлекеттің мектеп оқушылары бірыңғай форма киіп, бірдей білім алуы керек.
Бердібек Тайышев,
Атырау облысының білім саласында сапаны
қамтамасыз етудепартаментінің басшысы