Жарнама
ҚоғамҚұқық

Құрдастарын соққыға жыққан оқушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталды. Енді ол оқушылар сотталуы мүмкін деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.

«Тергеуге дейінгі тексеру амалдары аясында мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жығып, мұның барлығын видеоға түсірген жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды. Оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласында болған. Сол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасынан полицияға шағым түскен жоқ», — деді ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев.

20190125131008

Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 2 бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Аталған бап бас бостандығынан 5 жылға дейін айыруды немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді», — деді Алмас Садубаев.
Фото — www.inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button