
Кассациялық соттар департаменті құрылды
Елімізде кассациялық соттар департаменті құрылды. Бұл жайында Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта айтылған, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.
– «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын, — делінген ресми құжатта.
Сонымен қатар аталған жарлықпен Жоғарғы сот санындағы сот әділдігі сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеге түзетулер енгізіледі. Комиссия 9 мүшеден тұрады. Олардың төртеуі облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, екеуі кассациялық соттардың судьясы, біреуі Жоғарғы сот судьясы және екеуі отставкадағы судья.
Комиссия құрамына Жоғарғы соттың төрағасы және сот алқасының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы сот кеңесінің, Судьялар одағы филиалдарының әдеп жөніндегі комиссиясының және Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот төрелігінің судьялары-мүшелері кіре алмайды.