Атырауда заңсыз бекіре аулағандар ұсталды

img 20220414 wa0041 Құқық

            «Бекіре-2022» кең көлемді балық қорғау акциясы басталғалы бергі екі аптада облыста 100-ден астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Бұл фактілер бойынша 80 құқықбұзушы субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды.

            ­- Есепті мерзімде осы шараға қатысқан балық қорғау, полиция және шекара қызметкерлері заңсыз жолмен ауланған 911 келі көлеміндегі қара балықты, 33 бірлік балық аулау және 15 жүзу құралын тәркіледі. Талдау нәтижелері көрсеткеніндей, жылдан-жылға бұл салада құқықбұзушылықтар саны азайып келеді. Соның өзінде биыл былтырғыға ұқсас жағдайлар қайталанып отыр. Ал, біздің басты міндетіміз ­– қолдағы бар күш-мүмкіндікті жұмыслдыра отырып, қайткен күнде де браконьерлікке тосқауыл қою болып табылады, – дейді Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы аумақтық инспекциясының ресми өкілі Рүстем Қорқытов.

            Одан бөлек, бүгіндері еліміздің батыс облыстарында «Таза су айдындары» республикалық акциясы ұйымдастастырылуда. Бұл шараның көздеген мақсаты ­– Жайық және Қиғаш өзендерінің арнасын, сонымен бірге Каспий теізінің солтүстік жағалауларын браконьерлік тәсілмен балық аулау құралдарынан тазарту және су астын сүзіп шығу. Осы бағытта жоспарлы түрде жүргізілген шаралардың нәтижесінде «Жайық-Каспий» бассейніне қарасты су айдындарынан Қытай елінде жасалған қолдануға тыйым салынған синтетикалық жасанды желілер мен 94  балық аулау құралы тартып алынған.

             Сәуір айының 1-інен басталып, мамыр айының 31-не дейін созылатын «Бекіре-2022» аккциясының барысында белгігенген іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігіне қол жеткізу, сөйтіп аса бағалы «су маржандары» саналатын юекіре тұқымдас балық түрлерін қорғауға баса назар аударылады. Әсіресе, олардың аналықтарының уылдырық шашатын жерлеріне қауіпсіз жағдайда, аман-есен жетуін қамтамасыз етуге кепілдік берілуіне басымдық беріліп, күш салынады. Ал, оның нәтижесі осы шараға тартылған әркімнің жауапкершілігіне байланысты.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз