Жарнама
Құқық

КАСПИЙ АЙДЫНЫНА — ҚЫРАҒЫ КҮЗЕТ

Мерекеге Дамбы селолық округінің жаңадан сайланған әкімі Ұзақбай Байзуллин қатысып, шекарашыларға құттықтау сөзін арнады.
— Мемлекет шекарадан басталады,- деді бұдан әрі сөз алған «2201 Г» әскери бөлімінің командирі, 2-ші дәрежелі капитан Загребельный Олег,-Мемлекеттік шекара шебінің әрбір сүйем жері орасан зор маңызға ие. Әсіресе, бірнеше елмен шектесетін Каспий теңізінің бізге тиесілі аумағын айтсақ болады. Өйткені, аталмыш теңіздің қойнауы «қара алтыннан» өзге басқа да табиғи байлықтарға толы. Сондықтан «Батыс» аймақтық басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты әскери бөлімінің сарбаздары осы салада өздеріне жүктелген қызметтерін абыроймен атқарып келе жатқанын, болашақта да шекара сарбаздары өз міндеттерін мінсіз атқара беретіндігіне сенім білдірді.
Мерейтойлы салтанатта мінсіз қызметімен ерекшеленген шекарашылардың бір тобы бөлім командирінің бұйрығымен Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталса, енді бір тобының әскери шені өсірілді. Сондай-ақ, төл мерекелерінде шекаралық қызметте жүрген нәзік жандыларға да ерекше құрмет көрсетілді.
Айтулы мереке мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен шекара сарбаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде орындалған Тәуелсіз Қазақстан, Отан, бейбітшілік тақырыбындағы патриоттық әндер мен күмбірлеген күйлер көрермендерді тамсандырды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button