Емханадан ұрланған 70 миллион теңгенің өтемақыға қатысы жоқ болып шықты

whatsapp image 2020 10 14 at 16.34.17 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/14 қазан, 2020 жыл. №1 Атырау қалалық емханасының бірқатар дәрігері өткен жұма күні  өтемақыға байланысты талап-тілектерін білдірген болатын. 

Аталған мәселеге қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы  Асхан Байдуәлиев түсініктеме берді. Емханадан ұрланған 70 млн. теңгенің  үстемеақы мен өтемақыға еш қатысы жоқ.

Бұған орай тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.  А.Байдуәлиев тамыз айында емхана әкімшілігі жергілікті басқармаға коронавируспен күресте қызмет еткен 33 дәрігердің құжаты жіберілгенін, оның 13-іне ғана үстемеақы төленетіні белгілі болғанын да мәлімдеді.

Бастапқыда 10 медицина қызметкерінің құжаты қабылданды, 129 бұйрыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты тағы үш қызметкерге үстемеақы төленетін болды.

«Atr-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз