Кәсіпкерлер прокурорлардың қорғауында
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау — прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында прокурорлар 1 800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады, әр түрлі бұзушылықтар бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуге қолданыстағы мораторийге қарамастан, мемлекеттік органдар Президент Жарлығының талаптарын әрдайым сақтай бермейді.
Мысалы, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен негізсіз 200 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік гранттың игерілуіне қатысты заңсыз тексеріс жүргізгені анықталды.
Қала прокурорының қаулысы негізінде лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Тексерулердің күші жойылды.
Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин хабарлаған-дай прокурорлық ден қою шаралары бойынша бұдан да өзге уәкілетті органдардың 300-ден астам тексеруінің күші жойылып, заңсыз деп танылды, оның ішінде есеп шоттарға тыйым салу шаралары алынып тасталды, ХҚКО қызметінде шағын бизнес субъектілерін тіркеуден заңсыз бас тарту және жер учаскесін кеңейту кезінде эскиздік құжат ұсыну заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.
Бұдан басқа, жылу және сумен жабдықтау қызметтері бойынша кәсіпкерлер үшін тарифтер 66%-ға дейін төмендетілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Атырау қаласының прокуратурасы