Заңсыз жұмыс жасағандар ел аумағынан кетеді

ФОТО МИГРАНТ Жаңалықтар

Атырауда  жыл басынан бері 26 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылған.

ФОТО МИГРАНТ

Таяуда сот төрелігімен ҚХР азаматын ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылданды.  53 жасар шетел азаматы облыс аумағына іскерлік визамен (жұмыс жасауға рұқсат етілмеген) келіп, қаладағы  компаниялардың бірінде қаржы директоры болып жұмыс жасаған.

Полиция департаменті хабарлағанындай, көші-қон полициясы жүргізген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысынан ҚР заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 26 шетел азаматы ел аумағынан шығарылған. Олардың 22-і Өзбекстан азаматы болса, 4-і Қытай азаматы.

Биыл барлығы көші-қон саласы бойынша 594 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз