Жарнама
Құқық

КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Басқарма басшысының мәліметтеріне сүйенсек, барлық көрсеткіште ілгерілеу бар. Мәселен, 2011 жылы аталмыш органның қызмет көрсету деңгейіне сауалнамаға қатысушылардың 56 пайызы қанағаттанарлық деп жауап берсе, бұл көрсеткіш 2012 жылы 40 пайызға өсіп, яғни 96 пайызды құраған. Сондай-ақ, өткен жылы алдыңғы жылға қарағанда салық есептерін электронды түрде тапсыру 62 пайыздан 77,4 пайызға өссе, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 97 пайызға жеткен.

Жарыссөзде есеп берушінің тарапына түрлі сындар мен ескертпелер, ой-ұсыныстар айтылды. Сонымен бірге, жіберілген кемшіліктерден тиісті қорытынды шығару, жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын одан әрі жақсартып, оны барынша мақсатты бағытта және тиімді жүргізілуіне бақылау жасау және ҚР Заңдарын қатаң сақтау және оны құрметтеу, тәртіп пен құқықтық тәртіпті артыру үшін тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жандандырып, жемқорлықты болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізу тапсырылды.
Жарыссөзде балабақша мен білім ұяларында жөндеу жұмыстары мен мерекелік шараларға ата-аналардан ақша жиналатындығы, осы мәселенің өзі үлкен жемқорлыққа апаратыны жайлы сөз болды.
— Білім мен мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында кей жағдайларда ақша жинауға ата-аналардың өздері де ниетті екендігі жасырын емес. Қашанда қазақ халқы ұлы мен қызының ешкімнен кем болмауын қалап, «бар жақсым — балаларға дейтіні белгілі. Бірақ, ата-аналар — сіздер ақша жинау арқылы сол мүлікке немесе шараға бөлінген тиісті ақшадан басқа біреудің жасырын пайда көріп отырғандығын ұмытпағандарыңыз дұрыс, — деді «Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Баймұқашев.
Кеңесте бірқатар көкейкесті мәселелер талқыланып, арнайы қаулы қабылданды. Сондай-ақ, қаулының орындалуын бақылау филиал жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Мәлік Әбілхайыровқа жүктелді.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button