Атырауда кей қоғамдық орындардың қызмет көрсету кестесі өзгерді

200319214957045e Жаңалықтар

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сүйенетін болсақ, қоғамдық тамақтану нысандары сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ғана жұмыс жасауға тиіс, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

«Бұрын мейрамханалар, дәмханалар кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеген еді. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу күшінде қалды. Орындықтар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болса, отыратын орындар саны 30-дан аспауы тиіс. Бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауы керек» делінген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін болып қала береді. Бірақ, азық-түлік (көкөністер мен жемістерді қоспағанда) тек оралған күйде сатылуы тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз