Қоқысты терезеден тастай салды

pppppppppppppppppp Құқық

Терезеден қоқыс тастаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен ашылған чатына  Нұрсая  ықшамауданы тұрғынынан осында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің терезесінен белгісіз адамның  қоқыс тастағаны жөнінде бейне жазба келіп түскен.

Тексеріс кезінде, қоқысты терезеден лақтырған 61 жастағы тұрғын анықталып, оған қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлімімен (ортақ пайдалану орынын ластағаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды.  Өз кінәсін мойындап, өкінген азаматшаға  50 пайызға қысқартылған түрде 6945 теңге көлемінде айыппұл айыппұл салынды.

Одан басқа, учаскелік полиция қызметкерлерімен Жұмыскер ауылы, Сатыбалдиев көшесіндегі азық-түлік дүкені тұсында орналасқан қоқыс жәшігіне үлкен көлемде құрылыс қалдықтарын төгіп жатқан Газель автокөлігі  анықталып,  20 жастағы жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлімімен (ортақ пайдалану орынын ластағаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Атырау қаласында жыл басынан  ортақ пайдаланылатын орындарды ластап,  белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 1500-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталса, оның 200-не осы құқықбұзушылықты қайталап жасағандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 2 бөлімімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, яғни, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынды.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз