Жарнама
Құқық

Құқық саласындағы кадрлық өзгерістер

  Еліміздің құқық қорғау саласында кадрлық өзгерістер болды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің басшысы болып Мірболат Күпісов тағайындалды. Ол Ақтөбе облысының тумасы 1966 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын аталған облыстағы ішкі істер басқармасында сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің тәрбиешілігінен бастапты. Соңғы қызметі — Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары.

  Біраздан бері бос тұрған Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің басшысы тағайындалып жатқан тұста, еліміздегі жемқорлыққа қарсы күресетін басты құрылымда да кадрлық өзгерістер болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызмет бөлімшелерінің басшыларын лауазымды орындарына отырғызды.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды. Ол М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі. Жамбыл облысындағы күштік құрылымдарда қызмет еткен. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменттеріне жетекшілік етіпті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Марат Ахметжанов жуырда Президент Жарлығымен ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалған болатын. Атырау облысындағы алғашқы жұмысын «Атырау» газетіне сұхбат беруден бастаған тәжірибелі басшы құрылымның қызметін мейлінше ашық, жариялы түрде жүргізуге ұмтылды. Соның көрінісі шығар, жұртшылық сыбайлас жемқорлықпен күресетін мекеменің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, оған қоғамдық қолдау көрсетіп отырды.        Біз жаңадан тағайындалған басшылардан ақпарат құралдарымен арада осындай етене, тығыз байланыс орнатуын қалаймыз. Бүгінгі заманның қойып отырған талабы да осы.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button