Әдептен озған опынар

Кеңес отырысы Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің (төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов) кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысы

Онда алдымен Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық инспекциясының жұмысы туралы мәселе қаралды. Бұл жөнінде инспекция басшысының міндетін атқарушы Марат      Абдрахман баяндады.

Оның айтуынша, мекемеде  жоспарлы түрде атқарылған іс-шаралардың  көптігіне қарамас-тан, біраз кемшіліктер орын алған. Әсіресе, кадр бөлімінің қызметінде, жеке құраммен жұмыста елеулі олқылықтарға жол берілген. Соның ішінде  бұрын мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істемеген, еңбек өтілі жоқ адамдарды жауапты лауазымды қызметтерге қабылдау, кейбір қызметкерлерді ешқандай негізсіз жұмыс-тан босату, басқа да заң бұзушылық фактілері тіркелген. Бұған дейін  бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, дәл осы аумақтық инспекцияның бөлім басшысы қызметін атқаратын азаматтың мас күйінде автокөлік тізгініне отырып, айыпты болғандығы, өзге де заң талаптарына қайшы келетін әрекеттердің орын алғандығы айтылды.

Сондай-ақ, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваға қатысты тәртіптік іс қаралды. Мәселе бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізген прокуратура органы өкілінің хабарлауынша, бұл жолы бөлімнің есебінде тұрған мүгедек азамат-қа қызмет көрсететін жеке көмекшіге еңбекақы төлеу жайы көтерілген. Заңдылықты қадағалаушы құрылымға шағым түсірген азаматша өзіне тиесілі жалақының күніне сегіз сағаттың орнына төрт сағатқа ғана төленіп отырғанына арызданған.

Жеке әлеуметтік қызметші  әйел  бұған дейін осындай мә-тінмен құқық қорғау органдарына шағымданған.  Ал, өзі қаладағы медицина мекемелерінің бірінде ауысымдық әдіспен ме-йірбике қызметін атқарады. Соған байланысты қарауындағы мүгедек жанның қасында үнемі болмайды. Тексеруші тарап өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік қорғау бөлімі мен қызмет көрсетуші арасында ресімделген келісім-шартта да, осы қызметті реттейтін ереже мен нормативтік құқықтық актілерде де әлеуметтік қызметкерге тиесілі еңбекақының  төрт-сегіз  сағат аралығындағы жүйемен, жұмыс берушінің белгілеуімен төленетіндігі келтірілген. Осыны ескере келе, бөлім басшысының әрекетінде заңға қайшы келетін жағдайлар жоқ, сол себепті де, арызданушының талабын негізсіз деп тану туралы ұйғарым жасалып, лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз