Сот шешімін қалай орындау керек

e9039fa4127ad39440f6d6fe489597bf Құқық

Сот актілері, апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, орындауға беруге жатады.
Орындауға жіберілетін сот актілерінің көшірмелері және сот беретін атқару құжаттары аудандық сот төрағасының немесе іс бойынша төрағалық етуші судьяның қолымен және аудандық соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылады. Атқару құжаттарды атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жолдаған жағдайда, атқару құжатқа судьяның электрондық цифрлық қолы қойылады.
Сот актілері апелляциялық, кассациялық тәртібімен істерді қарау кезінде өзгертілген жағдайларда, олардың көшірмелеріне апелляциялық, кассациялық сатысындағы қаулылардың көшірмелері қоса тіркеледі.
Сот актілерінің орындауға берілуін бақылауды аудандық соттың төрағасы және төрағалық етумен істерді қараған судьялар, сондай-ақ кеңсе меңгерушісі жүзеге асырады.
Сот істері және сотта іс жүргізумен аяқталған материалдар мұрағатқа іс бойынша төрағалық еткен судьяның бұрыштамасымен, ал ол болмаған жағдайда аудандық сот төрағасының бұрыштамасымен тапсырылады.
Сот актісінің орындалғаны туралы хабарлама істерге, материалдарға қоса тіркеледі. Сот актісінің орындалуы туралы хабарлама түспеген кезде тоқсанына кемінде бір рет еске түсіру жіберіледі. Үкімді, қаулыны, шешімді немесе ұйғарымды орындауға беруге байланысты әрекеттер туралы міндетті тәртіппен істің анықтамалық парағында белгі жасалады.
Есептік құжаттарда сот актісінің орындалуы жөнінде деректемелер толтырылады. Сот актісінің орындалуы жөніндегі барлық шығыс, кіріс құжаттардың электрондық мазмұны есептік құжаттарға салынады. Қажет жағдайларда кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың арасында байланыс жүргізіледі. Егер мазмұны есептік құжаттарға салынса, онда қайталау талап етілмейді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының
бас сот мәжілісінің хатшысы
Р.Ж.Рахымжан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз