Жарнама
Құқық

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты мақсат

Бүгінгі жиында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының, әділет департаментінің, Заңгерлер одағының, Адвокаттар алқасы мен Жеке сот орындаушылар мен Нотариаттар палаталарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі бас қосты. Олар “Құқықтық көмек” партиялық жобасын жүзеге асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

3fb96459 c55a 4d5a afba 54f44192452a

Кездесу кезінде “AMANAT” партиясы облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов аудан орталықтарында кәсіби заңгерлердің тапшы болуына байланысты облыс орталығынан мобильді топ құру қажеттілігі туындағанына тоқталды.

-Бүгінгі Меморандум аясында сіздермен бірлесе отырып, заңгер көмегіне зәру тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек бере аламыз деп сенемін, — деді Абдолла Хамиұлы.

4d507e25 7650 4c2b b87a 9aea4ab2ceab

Айта кетейік, 2019 жылдан бері Заңгерлер одағы, Медиация орталығы және Адвокаттар алқасымен Ынтымақтастық меморандумы жасалған болатын. Осы құжат негізінде заңгер, нотариус, адвокат, медиатор және сот орындаушыларымен бірге 2023 жылы 35 қабылдауда — 152, өткен жылы 38 қабылдауда 310 адамға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Былтыр 162 азаматтың мәселесі оң шешімін тауып, 148-іне қолданыстағы заңдылық аясында түсініктер берілді.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button